RU

Алматыда жол апатынан есін жоғалтқан азаматты туыстары керек қылмай отыр

Алматыдағы ауруханада есін жоғалтқан ер адам ем қабылдап жатыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Аурухана төсегіне таңылған науқасты өткен айдың ортасында жүк көлігі қағып кеткен. Жол апаты Алматы маңындағы Іргелі ауылында болыпты. Қатты соққыдан ер адамның миы шайқалып, басына зақым келген. Жедел жәрдем оны 7-ші қалалық ауруханаға дереу жеткізеді. Науқас 2 апта бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы тәуірлеп қалған.

«Көп жүре алмаймын. Мас адамдар сияқты қисалаңдап қаламын. Үйленбегенмін. Алматыға жұмыс бабымен келдім», - деді науқас Әуезхан Әшірбаев.

Қапыда болған жол апатынан ер адам есін жоғалтқан. Өзін Әуезхан Әшірбаев деп таныстырған ол Алматыға жұмыс іздеп келген екен. Туыстары Тараз қаласында тұруы мүмкін. Жасы 40-қа таяса керек. Осыған дейін қала базарларының бірінде жүк тасушы болған. Дәрігерлер науқасқа әлі де ем қажет дейді.

«Өткен аптада науқас мүгедектер арбасымен жүрді. Қазір денсаулығы тәуірлеп, дәрігерлердің демеуімен аяғын ептеп басатын хәлге жетті. Бірақ, әлі де ем қабылдауы керек. Өзге науқастармен бірге палатада жатады. Қажетті емдік шараларды жүргізудеміз. Алайда ұмытқан дүниелерін есіне түсіруі үшін біраз уақыт қажет», - деді Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық аурухана нейрохирургия бөлімінің дәрігері Александр Романчик.

Науқастың аурханада жатқанына 1 айға жуықтады. Бірақ осы аралықта жағдайын сұрап келген адам болмапты. Қазір қала полицейлері оның жақын-туыстарын іздестіруге кіріскен. Дәрігерлер де есін жоғалтқан азаматты танитындар бар болса, 7-ші қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөліміне хабарласуын сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310943-almatyda-zhuk-koligi-qaghyp-aurukhanada.html