RU

Нығматулин әдемі сөйлеуге шебер Тамара Дүйсенованың сөзін бөліп тастады

Бүгiн мәжiлiстiң жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығматулин үкiмет мүшелерiнен депутаттардың сұрағына «әдемi» сөздердi тiзбей, нақты жауап берудi сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Отырыста 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Бұл маңызды мәселе бойынша депутаттардың үкiмет мүшелерiне қояр сұрақтары көп болды. Халық қалаулыларының бiрi Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсеноваға халықты бiр өңiрден екiншiсiне көшiруге қатысты жұмыстың тиiмдiлiгiн сұрады. Бiрақ министрдiң жауабына мәжiлiс төрағасының көңiлi толмаған тәрiздi.

«Тамара Босымбекқызы, сiзге және сұрақтарға жауап беретiн басқа да министрлерге өтiнiш жасағым келедi. Сiздердiң 2 сағат үзiлiссiз сөйлеудiң шеберi екендерiңiздi бәрiмiз жақсы бiлемiз. Әдемi сөздердiң жиынтығы парламентте керек емес. Нақты сұрақ қойылды – нақты жауап керек. Бүгiн жұмыс көп. Келiстiк пе?», - деп үкiмет мүшелерiне қарата айтты Нығматулин.

Сондай-ақ отырыс барысында Мәжiлiс төрағасы министр Бишiмбаевтың да сөзiн бөлiп, «бұл мәселені бұқаралық ақпарат құралдарына кеңірек айтып берерсіз», - деді.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311117-nyghmatulin-ademi-soyleuge-sheber-mini.html