RU

Интерпол халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні Қазақстанға әкелді

Интерпол халықаралық іздеуде болған күдіктіні Македониядан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан ІІМ Интерполы мен Бас прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы ІІД бастамасымен Қызыл бюллетень бойынша халықаралық іздеу жарияланған (тұтқындау және экстрадициялау мақсатымен) 35 жастағы Павел Анатольевич Рукосуевті экстрадициялады.

Осы жылдың 13 мамырында Рукосуев Македония аумағында қазақстандық Интерполдың сұрау салуы бойынша ұсталды.

Айта кетсек, 2014 жылдың наурыз – қыркүйек айлары аралығында Рукосуев адамдармен топтасып, жалған құжаттарды пайдалана отырып, «РБК Банкінен» ақшалай несие алған. Шығын көлемі 1 млрд теңгеден асады.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311188-interpol-khalyqaralyq-izdeude-zhurgen.html