RU

Трамп: Барша америкалықтың президенті болуға ант етемін

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп бүкіл әлемге арнап сөз сөйледі деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз Американың мүддесін өзгелерден бір саты жоғары қойсақ та, баршаларыңызбен бірге боламыз. Әр халық, әр ұлтпен өзара түсіністікке қол жеткізіп, тілін табамыз. Біздің көздегеніміз дау-жанжал емес, серіктестік», - деп атап өтті жақтастарының алдында сөз сөйлеген Трамп.

«Жаңа ғана Хиллари Клинтон хабарласып, бізді жеңісімізбен құттықтады. Мен оны және оның отбасын оңайға түспеген сайлау науқанындағы күресі үшін құттықтадым. Хиллари ұзақ жылдар бойы елге адал қызмет етіп, маңдай терін төкті. Осы үшін де оған ризашылық білдіруге тиіспіз», - деді Американың жаңа басшысы.

Дональд Трамптың пікірінше, енді Америка алауыздықты тоқтатуы керек.

«Демократтар республикашылдармен бір ұлтқа бірігуі тиіс. Уақыт келді. Барша америкалықтың президенті болуға ант етемін. Бұл мен үшін өте маңызды. Мені қолдап-қостамағандарға айтарым, маған сіздердің көмектеріңіз қажет. Бірге жұмыс істеп, америкалықтардың басын қосайық. О бастан бері айтып келе жатқанымдай, бізде науқан емес, ерекше қозғалыс болды. Өз ісін жақсы көретін ерлер мен әйелдер өзі үшін, отбасылары үшін соңына дейін күресті. Бұл қозғалысқа әртүрлі ұлттар, діни сенім-нанымы бөлек америкалықтар кіреді. Олардың бар қалайтыны – биліктің халыққа қызмет кеткені. Осылай болады да», - деді Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ-тың 45-ші президенті келешекте жаңа жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды жаңартып, басқа елдермен қарым-қатынасты жақсартуға уәде етті.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311233-tramp-barsha-amerikalyqtynh-prezident.html