RU

Андрей Аршавиннің Алматыдан кеткісі келмей қалды

Алматы футбол клубы "Қайрат" сәрсенбі күні жартылай шабуылшы Андрей Аршавиннің 2017 жылғы маусымда қазақстандық клубы құрамында ойын көрсететінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik - Қазақстан.

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин алматылық клуб құрамында 2016 жылы 36 матчта ойнап, 11 гол соқты.

"Аршавинмен жасалған келісімшарт ұзартылды: ол "Қайрат" футбол клубы құрамында 2017 жылдың соңына дейін ойнайтын болады", — делінген алматылық команданың ресми сайтындағы хабарламада.

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны мен "Қайрат" басқармасы биыл көктемде "1+1" схемасы бойынша келісімшарт жасасқан еді, яғни осы маусым аяқталғаннан кейін тараптардың келісімді тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311281-andrey-arshavinninh-almatydan-ketkisi.html