RU

19-дағы бойжеткен науқас анасын құтқару үшін өзін сатылымға қойды

Шарасыз күйге түскен 19 жастағы Қытай тұрғыны қатерлі ісікке шалдыққан анасының еміне қаражат керек болғасын, өзін 50 мың долларға сататынын жария етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіге хабарлама қалдырған Цао Мэнюань анасының отасына 50 мың доллар керек екенін алға тартып, ең көп ақша ұсынған тұрғынға өз тәнін кез-келген мақсатқа жалға беретінін мәлімдеді.

Бұл хабарламаға қалталы азаматтардың бірі жауап қатып, бойжеткеннің анасының еміне қажет ақшаны төлеп беретін болды. Алайда оның енді бойжеткенмен не істемек ниетте екені белгісіз.

Терісі қатерлі ісікке шалдыққан 45 жастағы әйел қызының өзін сатылымға шығарғанынан қаншалықты хабардар екені де айтылмаған.

"Мен қайырымды адам мені сатып алып, анама ота жасалғанын қалаймын. Сатып алушының кез-келген тілегін орындауға дайынмын. Өз сөзімен бас тартпаймын", - деп жазған бойжеткен хабарламада.

Отбасының ауыр қаржылық жағдайынан кейін бойжеткен орта мектепті тастап, айына 150 долларға жұмыс істеуде. Цао өзінің анасы, қарт әкесі мен іні-сіңлілерін жалғыз өзі асырауға мәжбүр.

Бойжеткеннің бұл хабарламасын оқыған жұрт қызу пікір таластырды. Бірі бойжеткенді еш жазғырмайтынын жазса, енді бірі қиындықты шешудің басқа амалын табуға болатынын алға тартқан.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311322-19-zhastaghy-boyzhetken-qaterli-isikke-shal.html