RU

Ересек адамның тілімен дүниеге келген нәресте дәрігерлерді таң қалдырды (фото)

Көптеген ата-ана сәбиінің күлгенін көру бақытына бірнеше аптадан кейін-ақ қол жеткізеді. Алайда ересек адамның тілімен дүниеге келген бұл нәрестенің ата-анасына бақытты сәтті бір жыл күтуге тура келген.

Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пейсли Моррисон-Джонсон есімді қыз бала тым үлкен тілмен дүниеге келгендіктен, өздігінен тамақтанып, тыныстай да алмайтын күйде болды. АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатындағы отбасында Беквит-Видеманн синдромымен туылған Пейслиді бірінші апта арнайы тыныстау аппаратында ұстаған.

Мұндай үлкен тілмен дүниеге келетін науқастар әлем бойынша өте сирек кездеседі. Нәресетеге алты айлығында ота жасалып, тілінің 5 сантиметрі кесіліп алынды. Алайда көп ұзамай балақайдың тілі қайта үлкейіп кеткен.

Екінші отадан кейін ғана қыз бала алғаш рет күлу мүмкіндігіне ие болды. Дәрігерлер қыздың тілі ендігі өсіп кетпейді деп үміттенеді. Тағы бір үрейлендіретін жайт - бұл сырқатқа шалдыққандардың дені қатерлі ісікпен ауыруға бейім келеді. Сол себепті балақай сегіз жасына дейін дәрігерлердің қатаң бақылауында болады.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311455-eresek-adamnynh-tilimen-duniege-kelge.html