RU

Almaty Towers-тегі өрттен қаза болған 20 жастағы студент жер қойнына тапсырылды (фото)

9 қараша күні Шымкентте Almaty Towers бизнес-орталығындағы өрттен қайтыс болған студент Абылайхан Зұлпыбековтің жаназасы оқылып, денесі жер қойнауына тапсырылды. Марқұм небәрі 20 жаста болатын деп жазады sn.kz.

Ол Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-де "Машина жасау" мамандығы бойынша грантта оқыған. Демалыс күндері Абылайхан Almaty Towers кешенінің құрылыс жүріп жатқан нысандарына барып, әрлеу жұмыстарымен айналысыпты. Алайда, бұл туралы оның ата-анасы білмеген.

"Оның Алматыда жұмыс істейтінін біз білмедік. Егер білсек, міндетті түрде тыйым салар едік. Жұмыс берушілерге, бизнес-орталықтың басшыларына біздің айтарымыз бар. Өрт өзімен өзі тұтанбайды. Менің ойымша, қауіпсіздік шаралары ол жерде сақталмаған. Жауапты тұлғалар жазаға тартылуы керек. Біз соған қол жеткізетін боламыз", - дейді Абылайханның әкесі Асан Молдияров.

"Компанияның өзі бізге шағымданып отыр. Біздің балаларымыз өздері кінәлі дейді. Балаларыңыз өрт болғанда заттарына қарай жүгірді дейді. Бірақ, шындығында олай болмаған. Мен сол өрттен аман қалған студенттердің бірімен сөйлестім. Оның айтуынша, ғимарат өртенгенде балалар іште қамалып қалған. Ол іште адамдардың қалып қойғанын айтып айқайлапты. Бірақ, ішке қарай ешкімді жібермеген", - дейді марқұмның ағасы Махмут Молдияров.

Абылайхан отбасында ортаншы бала болған. Оның әпкесі және 15 жастағы інісі бар.

Айта кетейік, Almaty Towers ғимаратының өртенуі салдарынан 6 адам қайтыс болды. Олардың бесеуі студенттер, төртеуі ОҚО-дан.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Дональд Трамп жеңіске бір табан жақындай түскен соң, доллар бағамы төмендей бастады

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Павлодар тұрғыны белгісіз біреумен Дубайға ұшып кеткен 7 жасар жиенін шарқ ұрып іздеуде

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311480-almaty-towers-tegi-ortten-qaza-bolghan-20-zhastaghy-st.html