RU

Енді ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау қажет етілмейді

Министрлік жүргізген ауқымды талдамалық жұмыс аясында өңірлерге шыға отырып мұғалімдермен, білім саласы мамандарымен және ата-аналармен 30 кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылданды деп жазады Baq.kz.

Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек.

Қорытынды аттестаттау мектепте 5 пән бойынша (4-еуі – міндетті және бір пән таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріле отырып өткізіледі. Түлектер барлық емтиханды мектепте тапсырады. Бұрын тест сұрақтарын облыстық білім басқармасы дайындаса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек.

«Алтын белгіні» мектептердің өздері береді. ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау қажет етілмейді. Ұлттық бірыңғай тест ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп туралы не білеміз? (фото)

Almaty Towers-тегі өрттен қаза болған 20 жастағы студент жер қойнына тапсырылды (фото)

Ұлттық банк төрағасы: АҚШ-тағы сайлау теңге бағамына әсер етпейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311532-endi-ubt-da-altyn-belgini-rastau-qazh.html