RU

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2016 жылдың 31 қазанында Атлантика мұхитының үстінде «Боинг 777» («Борт №1») ұшағы апатты жағдайға тап болған. Бұл ұшақ Түркіменстан президентіне тиесілі деп хабарлайды baq.kz.

Сentralasian.org-тың хабарлауынша, «Боинг» EZ-A777 жолаушыларсыз Атлантадан (АҚШ) Ашхабадқа қайтып бара жатқан. Онда 5 қыркүйек күні техникалық жөндеуден өтіпті.

Атлантика мұхитының үстінен ұшып бара жатқан кезде (шамамен Исландиядан 1000 шақырым қашықтықта) экипаж қозғалтқыштың бірінде май деңгейінің бірден түсіп кеткенін байқаған. 70 минуттан кейін ұшақ Рейкьявика халықаралық әуежайына амалсыз қонды.

Техникалық ақау жөнделгенше EZ-A777 Ашхабадқа 46 сағатқа кешігіп ұшқан. Сол себептен Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов Сочиге Владимир Путинмен кездесу үшін басқа ұшақпен ұшуға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта «Борт №1» толық жөндеуден өткен. Осы ұшаққа отырған Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов ресми сапармен Малайзияға ұшып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп туралы не білеміз? (фото)

Almaty Towers-тегі өрттен қаза болған 20 жастағы студент жер қойнына тапсырылды (фото)

Ұлттық банк төрағасы: АҚШ-тағы сайлау теңге бағамына әсер етпейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311590-turkimenstan-prezidentininh-ushaghy-ap.html