RU

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Атақты испан актері Антонио Бандерас Instagram желісінде сол көзі қатты көгеріп тұрған суретін жариялады. Мұны көрген жанкүйерлері тосырқап, түрлі сұрақтарды жаудырды деп хабарлайды 24.kz.

Кейбіреулері мұны «грим» деді. Бірақ, әртіс шынымен де көзін көгертіп алған. Оқиға ол қазір Болгарияда түсіп жатқан «Стоик» фильмінің түсірілім алаңында болыпты.

«Атыс-шабыс туралы фильмге түсу қауіпті нәрсе. Оны менің көзімнен байқауға болады. Өкінішке қарай, бұл макияж емес», - депті «Зорро».

Жалпы осы бір жағдайға қарамастан, қазір Бандераста бәрі жақсы. Ол бұрынғысынша киноға түсіп, қазіргі құрбысы Николь Кимпелмен кездесіп жүр.

Тағы оқыңыздар:

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

Атын шығарғысы келген рудныйлық зейнеткер туған ұлын полицияға ұстап берді

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп туралы не білеміз? (фото)

Almaty Towers-тегі өрттен қаза болған 20 жастағы студент жер қойнына тапсырылды (фото)

Ұлттық банк төрағасы: АҚШ-тағы сайлау теңге бағамына әсер етпейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311627-kozi-kogergen-antonio-banderas-nazik.html