RU

Алматы хайуанаттар бағында бірнеше аңның өлімінен кейін директор қызметінен кетті

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Басынан дау арылмаған Қанат Кәрімов директорлық орынтағын өз еркімен босатып берген.

Себебі өзіне жасалған ақпараттық шабуылға шыдай алмаған басшы бұдан былай жұмыс істей алмайтынын түсінген сыңайлы. Өйткені соңғы уақытта зообақтағы сирек аңдардың өлуі тым жиілеп кетті.

Осылайша соңғы бес жылда 500-ден астам мақұлық арам қатқан. Бұған барша жұрт дәл осы Қанат Кәрімовты кіналаған болатын.

Алайда ол аң-құстардың қырылуы биологиялық процесс дейді. Сондықтан өлім-жітімнің болуы заңдылық деп отыр. Енді хайуанаттар бағына кімнің басшы болатыны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Ересек адамның тілімен дүниеге келген нәресте дәрігерлерді таң қалдырды (фото)

Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311666-atyshuly-almaty-khayuanattar-baghynynh-d.html