RU

Петропавлды қалың қар басып қалды (фото)

Петропавлды қар басып қалды. Бір түнде өңірге қардың бір айлық мөлшері түскен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қала тазалығына жауапты мекемелер енді көшелерді қардан аршып үлгере алмай жатыр.

Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік Орал жақтың циклоны өзімен бірге жылы ауа ағынын алып келген. Соның салдарынан түні бойы жауған қардың қалыңдығы кей жерлерде 20 сантиметрге дейін жетіпті. Бұл бір айлық мөлшер дейді мамандар.

Таң атпай шаһарды қардан тазалауға коммуналдық шаруашылықтың ғана емес, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшылары да шыққан.

Жылы ауа қардың бетін еріткендіктен, шылқыған көшемен жүру көліктер үшін де қиынға соғып жатыр. Енді ең қиын күндер әлі алда дейді синоптиктер.

"Алдағы күндерде облыс бойынша кей жерлерде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман сақталады. Кей жерлерде ұйытқыма жел болады. Ауа температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аязға, күндіз 5,-10 кей жерлерде -15 градус аязға дейін төмендейді", - дейді «Қазгидромет» АҚ СҚО филиалының бөлім басшысы Гүлзат Ғазизова.

Тағы оқыңыздар:

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Ересек адамның тілімен дүниеге келген нәресте дәрігерлерді таң қалдырды (фото)

Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311671-petropavldy-qalynh-qar-basyp-qaldy.html