RU

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Танымал отандық дизейнер Жадо күйеуінің тоқалы барын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтылды.

Жадыра Сахиева басынан өткен қиын, күрделі кезеңдерін айта отырып, сүйіп қосылған жарының жүріс жасаған кездерін есіне түсірді. Оның айтуынша,  күйеуіне үздіксіз қыздар қоңырау шалып, тіпті аяғы ауыр кезде олармен төбелесіп те қалған кездері болған екен.

Сонымен бірге, Жадо күйеуінің тоқалы барын мойындады.

"Тоқалы бар. Басқа жанұясы бар. Басқа қалада. Араласып тұрамыз, арамыз жақсы, өте жақсы көрем, ол кісіні сыйлаймын. Бұл жердегі кішігірім ақылдылығымнан шығар, мен оны жақсы көргендіктен осындай қадамға бардым. Біз көбеюіміз керек дейміз де, ер-азаматтарымыз басқа ұлттың қызын алып жатады. Егер басқа ұлттан балалары болса, қызғанар едім. Ал менің азаматымнан қазақтың қызы дүниеге бала әкелсе неге қуанбасқа. Екі баласы бар", - деп құпиясын ашық айтып берді Жадыра Сахиева.

Тағы оқыңыздар:

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Ересек адамның тілімен дүниеге келген нәресте дәрігерлерді таң қалдырды (фото)

Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311862-tanymal-otandyq-dizayner-kuyeuine.html