RU

Еліміздің басым аймағында қар аралас жаңбыр жауады

Еліміздің оңтүстігінде ауа райын Қазақстан аумағына жақындаған антициклон анықтайтын болады. Нормадан жоғары ауа температурасымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Республиканың солтүстік жартысы мен батысы Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы көшкен циклонға байланысты атмосфералық фронттардың аймағында тұр. Мұнда қар аралас жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман, тайғақ және көпжылдық орташа мәнге жақын ауа температурасы күтіледі.

Баренцево теңізінің үстінде қалыптасқан циклон Батыс Сібір арқылы оңтүстік-шығыс бағытқа жылжи бастады. Ал солармен байланысты салқын атмосфералық фронттар республиканың солтүстік және шығыс аудандары бойынша ауысатын болады. Арктикалық салқын фронттармен мұнда қар жауу, бұрқасын, күшті солтүстік-батыстық жел, ауа температурасының төмендеуі осы кезең үшін қалыптағыдан төмен 4-7ºС дейін күтіледі.

Республиканың батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылы және ылғалды ауа ағыны келеді. Мұнда температура 3-5ºС нормадан жоғары болады. Оңтүстікте таяудағы тәулікте жауын-шашынсыз, сосын жекелеген аудандарда жауын-шашын, түнде тұман түсуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311948-elimizdinh-basym-aymaghynda-suly-qar-zha.html