RU

Қыс басталарда Шымкентте жайқалып өскен ғажайып жеміс жұртты таң қалдырды (фото)

Шымкентте құрма ағашы жайқалып тұр. Ғажайып жемісті Хамза мөлтек ауданының тұрғыны Гулистан Умарова өсірген. Ерекше күтімнің арқасында зейнеткер алғашқы өнімін де жинады деп хабарлайды "ТВК" арнасы.

Құрма бұл дәрумендерге бай әрі қасиетті жеміс. Негізінен табиғаты ыстық Араб мемлекеттерінде өсіріледі. Ғажайып жемістің елімізде өсірілуі бұл сирек кездесетін жағдай.

Шымкенттік Гулистан Умарова құрма көшеттерін осыдан 5 жыл бұрын Ташкенттен алып келген. Тәжірбие ретінде алдымен екі түбін отырғызады.

Тропикалық аймақта ғана өсетін жеміс, ерекше күтімнің арқасында бүршік жарып, гүлдей бастайды. Нәтижесінде бағбан биыл мол өнім алады. Еңбегінің жемісін көрген зейнеткер құрма ағашын баптаудың құпияларымен бөлісті.

Құрма дәрумендерге бай жемістің ерекше түрі. Көптеген дерттің таптырмас шипасы. Ол қан қысымын реттеп, асқазан жұмысын жақсартуға пайдалы. Ғажайып жемістің өскеніне әсіресе зейнеткердің немерелері айрықша қуануда.

Бүгінде зейнеткер қаланың сыртынан жер алыпты. Келешекте сонда тропикалық жемістердің өзге де түрлерін өсірмек. Зейнетінің бейнетін көріп жүрген кейуана Шымкентте кез-келген жемісті өсіруге болатындығын алға тартады. Тек әрбір көшетке өз балаңдай күтім жасау қажет дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311951-qys-bastalarda-shymkentte-zhayqalyp-qu.html