RU

Келесі онжылдықта әлемнің ірі қалалары жоқ болып кетуі мүмкін (фото)

Ғалымдарыдың соңғы есебі бойынша 2030 жылға қарай Нью-Йорк, Лондон, Рио, Шанхай, Мумбай мен Дурбан секілді қалалар су астында қалуы мүмкін. Мұның барлығы климат өзгерісінің салдары болмақ деп жазады nationalgeographic.kz.

Күн жылынған сайын Арктика мен Антарктида мұздықтары еруін жалғастырып, жер бетінде су деңгейі көтеріледі. Ал мұндай жағдайда табиғи апаттар көбейіп, бүкіл әлем осы ғасырдың аяғында адам танымастай болып өзгереді.

Жазда 50 градус аптап ыстық пен қыста 50 градус суық, жылдамдығы сағатына 200 шақырымды құрайтын желдер, шелектеп құйған жауын болашақта қалыпты жағдайға айналмақ. Күші еселенген құйын мен тайфундардан кем дегенде 150 миллион адам қаза тауып, миллиард адам зардап шекпек.

Кейбір ғалымдардың пікірінше 2050 жылға дейін Арктика толық еріп кетуі мүмкін. Мамандар бүгіннен бастап экологиялық мәселелерге үлкен мән берілмесе, кейін тым кеш болып кетеді деп зар қағуда.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1311999-kelesi-onzhyldyqta-alemninh-iri-qalala.html