RU

Ет жеп қоректенетін қауіпті өсімдік туралы не білеміз? (фото)

Бір қарағанда байқалмағанымен, кей өсімдіктердің ажал құштыратын құпиясы болуы бек мүмкін деп жазады nationalgeographic.kz.

Бристол университетінің биологы Ульрик Бауэр мен оның әріптестері жақында имекше келген, өзі шәрбат бөліп шығаратын Nepenthes атты тропикалық өсімдіктің бар екенін анықтады. Тұрқы құмыраға келетін оған жемтік табудан асқан оңай жұмыс жоқ.

Сонда қалай дейсіз ғой? Күн райының құбылуын пайдаға жарату арқылы. Шәрбат іздеп шарқ ұрып жүрген құмырсқаларға құмыра-гүлдің құрғақ «ернеуінен» артық жер жоқ.

 

Nepenthes жорыққа шыққан құмырсқалардың илеуіне айналады. Ал тропикалық климаттың әсерінен сырты ылғалданып шыға келетін өсімдік ажал қақпанына айналады.

Қауіптің барын құмырсқалар бірден біле қоймайды, әрине. Ескеретін жайт, аталмыш айла-шарғы негізінен топ болып өмір сүретін жәндіктермен қоректенетін өсімдіктерге ғана тиімді.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312014-zhandikterdi-zhep-qoyatyn-qauipti-osimd.html