RU

Атырауда тұмау жұқтырғандар саны кеміген

Атырауда тұмау жұқтырғандар саны кеміген. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндері Атырау облысы депараментінің жетекшісі Ерболат Уайсов атты деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, жыл сайын Атырау облысында 2000-нан астам ЖРВИ ауруы тіркеледі. Олардың 76 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Биылғы 1 қазан мен 3 қараша аралығында ЖРВИ-мен 208 адам ауырды. Былтыр осы аралықта бұл сан 274 болатын. Яғни, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,3 есе кеміген.

"2015-2016 жылғы эпидмаусымда 61 тұмау ауруы тіркелді", - деді Ерболат Уайсов.

Айта кетелік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмаудың алдын алу мақсатында облыс халқының 10-15 пайызы егілуі керектігін ескертеді.

2016-2017 жылғы эпидмаусымда әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындарға тұмауға қарсы егу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 26 миллион теңге бөлініп, 30416 доза вакцина сатып алынған. Қазір облыс бойынша 40627 адамға егу жұмыстары жүргізілді. Бұл облыс халқының 6,8 пайызы. Олардың ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылғаны 30416 адам, 8440 адамға жұмыс беруші есебінен егу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж емес адамдар өз қаражаты есебінен егіледі алады. Ол үшін тұрғындар қазан-қараша айларында емханаларға баруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312031-atyrauda-tumau-zhuqtyrghandar-sany-kem.html