RU

Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ

Павлодарда бес жасар қыз баланы зорлаған педофил 21 жылға сотталды. Алғашқы бес жылын ер адам өз қауіпсіздігі үшін әрі кетсе екі адамдық камералары бар түрмеде өткізеді. Кейін қалған жылдарын ерекше режимдегі колонияда өтейтін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

53 жастағы ер адам өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Ол қылмыс жасаған сәтінде мас болмаған.

Белгілі болғандай, ол бес рет істі болған, оның ішінде үш ретінде зорлық жасағаны үшін сотталған екен. Зорланғандар арасында кәмелетке толмаған зардап шегушілер бар.

Соңғы зорлық әрекетін ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін жазда жасаған. Зорлаушы бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Ол бес жасар қыз балаға көшеде тап беріп, подъезге сүйреп апарған. Сол жерде қызды аяусыз зорлап тастайды. Қыздың ата-анасы соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, ер адам тек 21 жылға сотталатын болды.

Зорлаушы ендігі педофилдердің мәліметтер базасына енетін болады. Сот-писхиатриялық сараптама педофилдің ақыл-есі орнында екенін анықтаған.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312047-pavlodarda-21-zhylgha-bas-bostandyghynan.html