RU

Депутат: Америкадағы сайлау АҚШ-тың өз шаруасы

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы Қазақстанның экономикасына елеулі өзгеріс әкелмейді. Мәжіліс депутаттарының пікірі осылай деп хабарлайды Астана арнасы.

Олар "Америкадағы президент сайлауында жеңіске жеткен «миллиардер» Дональд Трамптың билік басына келуінен не күтуге болады?" деген сұрақ төңірегіндегі пікірлерімен де бөлісті.

"Қайсысы президент болса да, Қазақстанға оның ешқандай әсері жоқ. Жақсы жағынан да, жаман жағынан да. Бұл Американың өздерінің ішкі шаруасы", - дейді мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

"Қос ел арасында мұнай-газ саласына қатысты қарым-қатынас жақсы даму үстінде. Сауда жағынан да оң өзгерістер бар. Сондықтан бұл үдеріс сақталады деп ойлаймын. Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан - террорлық әрекетке қарсы күрес коалициясының белсенді мүшесі. Лаңкестікпен күресте АҚШ-қа да, басқа мемлекетке де көмектесіп келеміз. Бұл бағыт, билік басына кім келсе де, сақталары сөзсіз", - деді депутат Мәулен Әшімбаев.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне орай әлемнің қаржы нарығында құбылу байқалды. Бұл біздің нарықты да айналып өтпеді. «KASE» қор биржасы сессиясы қорытындысы бойынша төл валютамыздың құны долларға шаққанда 341 теңгені құрады.

Ал, АҚШ доллары Жапонның иеніне шаққанда 3 пайызға тұрақтаса, Мексика ақшасы бірден 10 пайызға құлдыраған. Оның себебі Трамп Ақ үйге келген соң, "иммиграциялық саясатты күшейтеді деген күдіктің басымдығынан" дейді саясаткерлер.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты әсер етеді?

Танымал отандық дизайнер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мойындады

Үкімет пен мәжіліс бюджет үшін тағы дауласып қалды

Сауд Арабиясында қазақстандық студенттер террор жасамақ болды деген айыппен құрықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312050-deputat-bilikke-donald-tramptynh-kel.html