RU

Ресейлік шоумен қазақ қыздарының тәп-тәтті әрі қылықты екенін айтты

Ресейлік шоумен Степан Меньщиков NUR.KZ тілшісіне қазақ қыздары туралы ойын бөлісіп, тоқал ұғымына қатысты пікірін білдірді.

"Дом 2" телевизиялық шоуының қатысушысы Степан елордада өткен сұлулық салондарының бірін жүргізу үшін келген екен.

"Қазақстанда асқан сұлу қыздар бар. Қазақ қыздары өте әдемі, тәп-тәтті, сурет секілді. Мысалы, мен бүгін 2010 жылғы "Қазақстан аруын" көрдім. Керемет сұлу. Жалпы, әдемі әйелдер ерлерді жақсы жағына қарай өзгертеді", - деді шоумен.

Ол тоқал туралы да өз пікірін айтып қалды.

"Қалай дедіңіз, тоқал? Ол Қазақстанда ғана емес барлық жерде бар, еркектің табысы 10 мың доллардан асқан кезде, тоқал өзінен өзі пайда болады", - деді ол.

Сондай-ақ, ол аралас неке қанды тазартады деп ойлайды екен. Мәселен, оның әйелі кавказдық. Ал қазақ пен орыс қанының араласуын ол пайдалы  санайды.

Тағы оқыңыздар:

Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті

Көзі көгерген Антонио Бандерас нәзік жандыларды шошытты (фото)

Түркіменстан президентінің ұшағы апатты жағдайға тап болды

Андрей Аршавиннің Алматыдан кеткісі келмей қалды

Хиллари Клинтон Трамптан жеңілгенін мойындап, телефон соқты

Назарбаев Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312183-reseylik-shoumen-qazaq-qyzdarynynh-tap.html