RU

Геннадий Головкиннің Астанадағы кездесуі қашан өтеді?

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі, қазақстандық Геннадий америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен Астана төрінде жұдырықтасқысы келеді деп жазады sn.kz.

Бұл кездесу ЭКСПО кезінде Қазақстанның имиджін көтеретіні сөзсіз дейді Головкин allboxing.ru порталына берген сұхбатында. Жерлесіміз келесі жекпе-жегін 2017 жылдың көктемінде өткізуі тиіс. Егер қарсылас табылып, келіссөздер сәтімен өтсе, бұл бокс кеші Астанада өтуі әбден ықтимал.

Портал тілшісіне берген сұхбатында Головкин америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Ол WBA белбеуіне негізгі үміткерлердің бірі. Жалпы, GGG командасы биыл үш жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Алайда, түрлі себептермен Головкин жыл соңында қарсылассыз қалып қойды. Енді Джэйкобспен келіссөз бітсе келер жылдың шымылдығын сол жекпе-жек ашуы мүмкін.

"Менің ойымша бұл кездесудің Қазақстанда өткенін жанкүйерлердің көбі қалап отыр. Жай ғана кездесу емес, әлемдік деңгейдегі бокс кештерінен еш кем түспейтін шоу жасауды қалаймын. Бұл күн Қазақстан үшін өте маңызды екенін де айта кету керек. Өйткені, біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз және тарихымыздағы ең маңызды оқиғалардың бірі - ЭКСПО халықаралық көрмесін өткіземіз. Іс-шараның өзі онсыз да жарнаманы қажет етпейді. Бірақ, әлемдегі спорт жанкүйерлерін тарту арқылы Қазақстанның атын одан сайын шығарып, имиджін қалыптастырғым келеді. Әдетте ТОП жекпе-жектерді әлемнің 150-170 елдері тамашалайды. ЭКСПО үшін бұл өте үлкен жарнама", - деді Головкин америкалық порталға берген сұхбатында.

Қазір қазақстандық боксшы Колифорния штатындағы тауларда оқу-жаттығу жиынын өткізді. 2017 жылы ол 3 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен, қарсыластары әлі белгісіз.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Бұл біздің президент емес: АҚШ халқы Трампқа қарсы жаппай шеруге шығуда (фото, видео)

Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса Қазақстанда тез байып кетесің

Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ

Қыз жасауына қымбат теледидар мен су жаңа көлік алған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312227-gennadiy-golovkin-ekspo-qarsanhynda-q.html