RU

Бала сүйе алмайтынын білген әйел жаппай ағаш еге бастады (фото)

Бала сүйе алмаған 105 жастағы кейуана бүгінде 300 ағаштың анасы атанып отыр. Ал аналық мейірімге ие болған ағаштар қуаң жерде жайқалып өскен. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Саалумарада Тимакка — 105 жастағы кейуана. Оның табиғатқа деген сүйіспеншілігі талай адамға үлгі боларлық. Кейуана 25 жыл бойы некеден бала сүйе алмағандықтан күйеуімен бірге ағаш егуді қолға алады. Олар ата-аналық мейірімін өсімдіктерге төккені соншалық, шөп өспейтін қуаң жерде ағаштар жайқалып өсіп тұр.

Оңтүстік Үндістандағы ерлі-зайыптылар ағашты суару үшін бірнеше шақырым жерден күнде су тасиды. Саалумарады Тимакки, осылайша экологияны қорғайтын халықаралық қор ашып та үлгерген. Бүгінде кейуана ағаштардан бөлек ұл бала асырап алған. Енді ол қартайған шағында ұлының күтімінде өмір сүретін болады

.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Бұл біздің президент емес: АҚШ халқы Трампқа қарсы жаппай шеруге шығуда (фото, видео)

Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса Қазақстанда тез байып кетесің

Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ

Қыз жасауына қымбат теледидар мен су жаңа көлік алған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312246-bala-suye-almaghan-105-zhastaghy-keyuana-300-agh.html