RU

Күтпеген жерден ауыл тойына келген Жансейіт Түймебаев көпшілікті таң қалдырды (фото, видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев күтпеген жерден ауыл тойына кіріп, көпшілікті таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданына ресми іссапармен барып, жергілікті ахуалмен танысты. Ералиев ауылдық округі, Сейфуллин ауылының халқымен тілдесіп, тілек-ұсыныстарын тыңдады. Бір қызығы аймақ басшысының ауылға жасаған сапарында жергілікті тұрғындар қуанышқа кенелді.

Яғни, ауыл тұрғындары Ғафур мен Жұлдызайдың шаңырақ көтерген тойы болып жатты. Мұны естіген Түймебаев мырза жас жұбайлардың қуанышын ортақтасуға бел буып, тура той болып жатқан үйге кіріп барды. Төрге шығып, шаңырақ иелерін құттықтап, бақыт тіледі.

Мұнан соң əкім Түймебаев шаңырақ иелеріне теледидар сыйлады. Əрине, бұл сыйлықты аймақ басшысы ауызша уəде етті. Себебі бұл тойға кіру жоспарда болмаған. Мұнан соң той иелері облыс əкіміне алғыс ретінде шапан жауып, Түймебаев бастаған шымкенттік қонақтар көпшілікпен бірге дастархан басына отырып, дəм ауыз тиді.

Айта кетерлігі, күйеу жігіт Ғафур Шадиев 26-да, ал қалыңдық Жұлдызай Полатова 24 жаста.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Бұл біздің президент емес: АҚШ халқы Трампқа қарсы жаппай шеруге шығуда (фото, видео)

Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса Қазақстанда тез байып кетесің

Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ

Қыз жасауына қымбат теледидар мен су жаңа көлік алған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312276-kutpegen-zherden-auyl-toyyna-kelgen-zha.html