RU

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, елдің жаңа басшысы, республикашыл Дональд Трамппен елдің мүддесі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін білдірді деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Клинтон "ең жақсы, әлдеқайда күшті және әділетті Американы" құруға септігін тигізуді өзінің азаматтық парызы деп атады.

Нью-Йоркте сөйлеген Клинтон елдегі бөлініс өзі ойлағаннан әлдеқайда терең болғанын айтып, жақтастарына сайлауалды кампаниясында қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. "Мен Америкаға сенемін және алда да сене беремін" деді Клинтон.

АҚШ-та 8 қарашада өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп сайлаушылар алқасында 270-тен көп даусын жинап, АҚШ-тың 45-президенті болып сайланды.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Бұл біздің президент емес: АҚШ халқы Трампқа қарсы жаппай шеруге шығуда (фото, видео)

Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса Қазақстанда тез байып кетесің

Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ

Қыз жасауына қымбат теледидар мен су жаңа көлік алған дұрыс па?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312318-klinton-aqsh-muddesi-ushin-tramppen-zhum.html