RU

Ядролық қарудың зардабын шеккен семейліктердің бүгінгі өмірі

КСРО өзінің ең алғашқы ядролық қаруын «Бірінші найзағай» деген атпен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда сынады. Ал сынақ алаңына айналған Семейде 40 жыл бойы 456 атом бомбасы жарылған.

Өкінішке қарай, бұл зардапты жергілікті халық әрі тартып келеді. Семей мен оған жақын маңдағы қалашықтарда денсаулығында түрлі ауытқушылығы бар адамдар туыла бастады.

Радиация Қазақстандағы үш буын өкілдерін толық қамтыды. Бұл жердегі өмір сүру ұзақтығы Қазақстанның басқа аймағымен салыстырғанда 7 жылға кем.

Осы орайда радиация салдарынан денсаулығынан айырылған жандардың қиын жағдайға қарамай, күресіп келе жатқанына куә болатын кадрларды назарларыңызға ұсынамыз.

2009 жылдың 2 наурызы. Майра Жұмагелдиева 16 жастағы қызы Жаннұрды бағып-қағуда. Жаннұр радиацияның кесірінен мүгедек болып туылып, қарапайым ғана ойлау, есте сақтау қабілеттерінен айырылған.

Қызына жаялық алатын ақшасы жоқ болғандықтан, Майра күн сайын оны жуындыруға мәжбүр.

Майра қызына массаж жасап, арасында оны далада серуендетеді.

Берік Сыздықов ядролық қарудың зардабын шеккен мыңдаған адамның бірі. Ол соқыр және сұрықсыз болып туылған.

Берік пианинода ойнауды үйреніп алды. Ал өзіне Италияда ота жасалған кезде ол операны да ұнатып қалған.

Берік Сыздықов анасымен қолтықтасып келе жатыр.

Ол арасында осылай темекі шегіп тұрады.

7 жастағы Валерия Дольдина Даун синдромымен дүниеге келген. 2009 жылдың 15 қаңтары. Ол ақыл-есінің ауытқушылығымен дүниеге келген.

13 жастағы Жанболат Тұрысбеков қарындасы Аидамен бірге Семейдегі пәтерінде теледидар қарап отыр. Ағалы-қарындасты екеу радиация салдарынан жүре алмайтын күйге жеткен.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

Алматыда қатігез ана 10 жасар ұлын дәретхананың төбесіне түнеткізіп келген

Танымал блогер күйеуінен ажыраспақ болған әйелдерге қатысты ащы шындықты айтты

Қызылорда облысында жапан даладан табылған адамның қаңқасы жұртты шошытты (фото)

Маңғыстау облысында салмағы алты келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Депутат: Америкадағы сайлау АҚШ-тың өз шаруасы

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312662-yadrolyq-qarudynh-zardabyn-shekken-seme.html