RU

Астанадағы Панфилов көшесінің атауы қазақшаланып, өзгеретін болды

Астана мәслихатының депутаттары ономастикалық комиссия ұсынған жаңа көше атауларын қабылады деп жазады "Вечерняя Астана" баслымына сілтеме жасап Sputniknews.kz.

"Алматы" ауданында Хусейн бен Талал көшесі пайда болады, ол бұрын 23-17 жобалық атаумен аталып жүрген еді. Сонымен қатар, Кенен Әзербаев (бұрынғы 23-31), Темірбек Жүргенов көшесі (бұрынғы А19) пайда болады. Ал, бұрынғы Хусейн бен Талал көшесі енді Ұлы Дала даңғылы деп аталады. Сонымен бірге, Иван Панфилов атындағы көше Сәкен Жүнісов көшесі болып өзгертіліп, Бейімбет Майлин көшесі мен А193 көшесі біріктіріледі.

Еңбекшілер көшесін нөмірі 36-шы көшемен біріктіріп, Әлихан Бөкейханов даңғылы деген атау беріледі. "Сарыарқа" ауданындағы тура солай аталатын көшеге Әзірбайжан Мәмбетовтың есімі беріледі. "Есіл" ауданында бұрын жобалық атаулармен ғана аталып жүрген 10 көшеге жаңа атау берілетін болады.

Сондай көшелердің бірі Е10 бұдан былай Орынбор деп аталады. Сонымен қатар, мұнда Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамедханов, Никола Тесла, Рабиға Есімжанова, Саттар Ерубаев, Ханшайым Сүнбике және Бұқар жырау атты көшелер пайда болады.

Бұл шешім әділет органдарында тіркелгеннен соң 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Тәжікстанда жақын арада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

Маңғыстау облысында салмағы алты келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Геннадий Головкиннің Астанадағы кездесуі қашан өтеді?

Депутат: Америкадағы сайлау АҚШ-тың өз шаруасы

Астанадағы Панфилов көшесінің атауы өзгеретін болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312737-astanada-nikola-tesla-uly-dala-danhghyl.html