RU

Жазылмайтын дертке шалдыққан балақай англиялық клубтың құрамына қабылданды

Англияның үшінші дивизионында ойнайтын «Рочдейл» футбол клубы Checkatrade Trophy кубогы аясындағы «Хартлпул Юнайтедке» қарсы ойында бес жасар баланы қосалқы құрамға қосты деп хабарлайды prosportkz.kz.

5 жасар Джошуа Маккормактың бас миынан қатерлі ісік табылған. Дәрігерлер бұл диагнозды былтыр қойған, ал биыл қыркүйекте бұл аурудың емі жоқ екенін жеткізіпті.

Биыл тамыз айында Джошуа команданың бойтұмары ретінде алаңға шыққан еді. Енді ол «Рочдейл» тарихындағы ең жас футболшы болып қала бермек. Маккормак бұл кездесуде алаңға шықпаса да, қосалқы құрам футболшыларымен бірге отырды. Команда оған 55-ші нөмір берген.

«Оның басынан өтетін оқиғаға ешқандай бала лайықты емес. Біз Джошуа мен оның отбасын қолдау үшін бар көмегімізді тигіземіз. Біздің осындай шағын ғана ишаратымыз олардың отбасында сәуле болады деп үміттенеміз», - деді команданың бас бапкері Кит Хилл.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Тәжікстанда жақын арада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

Маңғыстау облысында салмағы алты келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Геннадий Головкиннің Астанадағы кездесуі қашан өтеді?

Депутат: Америкадағы сайлау АҚШ-тың өз шаруасы

Астанадағы Панфилов көшесінің атауы өзгеретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312857-zhazylmaytyn-dertke-shaldyqqan-balaqa.html