RU

Трампқа көңілі толмаған америкалықтар Обаманың әйеліне келесі президент болуды өтінді

АҚШ-та президент сайлауы нәтижелері жария бола салып бірнеше сағаттан соң мыңдаған адам әлеуметтік желі арқылы қазіргі президент Барак Обаманың жұбайы Мишель Обаманы келесі президент сайлауына қатысуға шақырды.

Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы жазады.

Әлеуметтік желі қолданушылары «Мишель Обаманың 2020 жылы сайлауға қатысу мүмкіндігі мол» деп, оған өз кандидатурасын ұсынуды өтініп жатыр.

Мишель Обама Америкада өте танымал тұлғалардың бірі дейді ВВС. Гэллап қорының зерттеу мәліметтері бойынша, оның рейтингі қазір 64%-ға тең. Яғни, жеке беделі жөнінен бірінші леди Дональд Трамптан, Хиллари Клинтоннан және тіпті күйеуі Барак Обамадан да жоғары тұр.

Биылғы сайлау науқанына Мишель Обама белсене қатысып, демократтар кандидаты Клинтонды қолдауға шақыратын бірнеше сөз сөйлеген болатын. Дональд Трампты айыптап сөйлеген сөздері танымал болғаннан кейін ол тіпті «Клинтонның мықты қаруы» атанды.

Дегенмен, жақтастары үшін бір қиындық бар. Наурыз айында сөйлеген бір сөзінде Мишель Обама президенттікке мүлдем ұмтылмайтынын айтқан еді. Бірақ одан бері көп нәрсе өзгерді дейді ВВС.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Тәжікстанда жақын арада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

Маңғыстау облысында салмағы алты келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Геннадий Головкиннің Астанадағы кездесуі қашан өтеді?

Депутат: Америкадағы сайлау АҚШ-тың өз шаруасы

Астанадағы Панфилов көшесінің атауы өзгеретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1312876-tramptynh-prezident-bolghanyna-konhili.html