RU

Ақышев: Долларды сақтаудың керегі жоқ, теңге күшейеді

Долларды сатып алып, оның қымбаттауын күтіп отырудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта теңгенің позициясы күшейе түседі деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Айтуынша, елде долларсыздандыру саясаты табанды түрде жүргізіліп келеді.

"Валюта нарығында қандай да бір ауытқушылық немесе шұғыл өзгеріске себеп жоқ. Керісінше, тұрақтылық байқалады. Теңгенің нығаюына қажетті алғышарттар жетерлік. Біз ондай мүмкіндіктерді пайдаланып отырмыз. Ал теңгесін АҚШ ақшасына айналдырып, оның қымбаттауын күткендер түбі ұтылады", - дейді Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев.

Төл теңгенің туған күніне орай Ұлттық Банктің бұрынғы төрағалары Алматыда бас қосып, өзара пікір алмасты. Жиналғандардың айтуынша, теңгеге деген сенім жоғалған емес. Биылғы қаңтардан бастап ұлттық валютада сақталған депозиттердің үлесі 58-ден 70 пайызға дейін артқан.

Жеке тұлғалардың 80 пайызы жинақтарын теңгеде сақтауды ұйғарыпты. Ұлттық банк төрағасының пайымынша, бұл - теңгеге деген сенім мен азаматтардың отансүйгіштік сезімі оянуының белгісі.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбенің әкімі маңызды жиналыста ұйықтап кетіп, күлкіге қалды (видео)

Астанадағы Панфилов көшесінің атауы қазақшаланып, өзгеретін болды

Трампқа көңілі толмаған америкалықтар Обаманың әйеліне келесі президент болуды өтінді

Жазылмайтын дертке шалдыққан балақай англиялық клубтың құрамына қабылданды

Индонезияда Құранға тіл тигізген губернатордың басы дауға қалды

АҚШ Тәжікстанда жақын арада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313018-aqyshev-dollardy-saqtaudynh-keregi-zhoq.html