RU

Бас прокурор: Балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз

Елімізде ақтаулық бүлдіршін сияқты биылдың өзінде 200-ге жуық  ұл-қыз педофилдердің құрбаны болған. Осы сексуалдық сипатта зорлық көрген балалар туралы айтқан Бас прокурор азғындармен бірігіп күресуге шақырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жақып Асановтың айтуынша, көп жағдайда зорлық көрген балалар болған сұмдық туралы ашық айтуға қорқады. Сондықтан балабақша мен мектептердегі медициналық тексеру кезінде гинекологтар да атсалысуы қажет дейді прокурорлар.

Сөйтіп, кішкентай қыздардың жыныстық қатынаста болған болмағанын біліп, мән-жайды анықтауға болады. Оның үстіне Асанов педофилдердің көбі жазадан сытылып кетеді дейді. Өйткені азғындардың көбі зорланған ұл-қыздың әкесі, ағасы немесе жақын туысы болып шығады екен.

"Кейде болған істі айтпаймыз, жасырамыз. Ұят болады дейміз. Бұл дұрыс емес. Онымен қылмыстың жасырын созылмалы түрге айналуына көмектесеміз. Сондықтан балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз", - дейді Бас прокурор Жақып Асанов.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Долларды сақтаудың керегі жоқ, теңге күшейеді

Дәрігерлер Ақтауда педофил зорлаған алты жасар қыздың өмірінен үміт үзіп отыр

Оралда гамбургерден уланған сегіз жасар қыз ажал құша жаздады

Динара Сәтжан Путиннің құшағында тұрған суретін жариялады (фото)

Оңтүстік Кореяда Назарбаев профессорларша киінді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313099-bas-prokuror-balanhyzdynh-namysy-ayaqqa.html