RU

Қазақстан тұрғындары тым ерте қартайып бара жатыр

Қартаюдан қатты қорқатын депутаттар өмір бойы жас болып қалудың жолдарын іздеді. Өйткені елімізде жұмысқа жарамсыз егде адамдардың саны күрт артып, тіпті Қазақстан әлемдегі қарттары көп мемлекеттердің қатарына қосылаудың шақ алдында тұр екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсіресе, солтүстік, шығыс және орталықта ерте қартайған тұрғындардың саны көп.

Басым бөлігі шетінен ауру. Сондықтан мәжілісмендер белгілі академик, дәрігерлерді жинап, өмір бойы жас болып қалудың құпиясын сұрады. Қарттықтың басты себебі – жұрт ақшаның аздығынан дұрыс тамақтанбайды, спортпен айналысуға мүмкіндігі жоқ  және денсаулыққа көңіл бөлмейді екен.

Яғни, диетологтар ең алдымен ас мәзірін түзетуді ұсынды. Академик Төрегелді Шарманов сиыр сүтін  қойып, қымыз ішуге кеңес берді. Сондай-ақ, қазір қарттар қоғамдық шараларға  мүлдем араласпайды, шеттетілген. Зейнет демалысына шыққан адамдардың көбі үйде қамалып отыр. Әсіресе, қалаларда олар қарапайым  бас қосып, кездесетін арнайы орын да жоқ.

"Еуропадағы мейрамханаларда көбіне егде жастағы дамадар отырады. Жастар жұмыс істейді. Бізде керісінше, қайда барсаң да қыз-жігіттерді көресің. Қарттар шахмат ойнап, әңгімелесетін орын таппайды. Қаптаған мейрамханалар айына бір күнді ата-әжелердің жиналуына рұқсат етсе де болады ғой", - дейді «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті Баян Ахметжанова.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Долларды сақтаудың керегі жоқ, теңге күшейеді

Дәрігерлер Ақтауда педофил зорлаған алты жасар қыздың өмірінен үміт үзіп отыр

Оралда гамбургерден уланған сегіз жасар қыз ажал құша жаздады

Динара Сәтжан Путиннің құшағында тұрған суретін жариялады (фото)

Оңтүстік Кореяда Назарбаев профессорларша киінді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313196-qazaqstan-erte-qartayatyn-memlekette.html