RU

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты (видео)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп ауырып қалған кезде интернетте қазақстандықтардың жүрекжарды тілектерін оқып, бір марқайып қалғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"(...) Халықтың тілегін оқып отырып қуанып қалдым. Осы сәтті пайдаланып, сайтта пікір жазған әр адамға алғыс айтқым келеді (...)", - деді президент.

"Мен ел басқарған адам дені сау, ат үстінде жүруі керек екенін жадымнан шығармаймын. Тек сонда ғана маған тапсырылған міндеттердің барлығын тиесілі түрде орындауға болады", - дейді президент.

"Мен үнемі қызметтемін, бұл менің жұмысым, сондықтан мен жұмыстан, мемлекет алдындағы, халық алдындағы жауапкершіліктен шаршамаймын. Алайда, сағат белдеулерінің ауысуы жұмыс режимін бұзады. Менің түсінгенім, бізге батысқа барғаннан, шығысқа барып, қайта оралған жеңілірек екен... Иә, шаршайсың, ұйқың қанбайды. Мен қазір небәрі 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін. Одан көп ұйықтай алмаймын. Бәлкім бұл да жақсы шығар, өзге уақыт белдеуіне үйреніп қалмай, елге келген соң қалыпты жағдайда жұмыс істей береміз. Ми жұмысын тоқтатпайды", - деді мемлекет басшысы Сеулге жасаған сапарын қорытындылап.

Еске сала кетейік, қазір президент іс-сапармен Оңтүстік Кореяда жүр.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Долларды сақтаудың керегі жоқ, теңге күшейеді

Дәрігерлер Ақтауда педофил зорлаған алты жасар қыздың өмірінен үміт үзіп отыр

Оралда гамбургерден уланған сегіз жасар қыз ажал құша жаздады

Динара Сәтжан Путиннің құшағында тұрған суретін жариялады (фото)

Оңтүстік Кореяда Назарбаев профессорларша киінді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313230-nazarbaev-internette-qazaqstandyqta.html