RU

Есімов Назарбаевтың ескертуінсіз-ақ Оңтүсік Корея президентімен қол алысты (видео)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының президенті Пак Кын Хемен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстан президентін Кореяда сән салтанатпен қарсы алды: дәстүрлі қызыл кілем, оркестр, құрметті қарауыл.

Кездесу барысында мемлеке көшбасшылары екіжақты өзара іс-қимылдың, соның ішінде сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік-коммуникация, ғылым, техника салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті жайттар, атап айтқанда, ядролық қарусыздану мен таратпау, киберқылмыс қатерінен төніп отырған жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хе келіссөз аясында Оңтүстік Корея президентінің Астанаға 2014 жылғы маусымдағы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырды.

Екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту мен өзара тауар айналымын жандандыру перспективалары айқындалды. Екі елдің басшылары Қазақстан мен Кореяның стратегиялық серіктестігін жаңа сапалы деңгейге көтеру бағытындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Келіссөз барысында Корея тарапы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бастамаларының жүзеге асырылуының қарқын ала түсетініне сенім білдірді.

Энергетикадағы ынтымақтастықты жандандыру жолдары, мұнай мен газ өңдеу, медициналық туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Корея Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі қарастырылды. Корея тарапы көлік-транзиттік өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше қызығушылық танытты.

Пак Кын Хе Нұрсұлтан Назарбаевпен елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толу қарсаңында кездесіп отырғанына айрықша қуанышты екенін жеткізді.

Ақорда кездесудің бейнежазбасын да жариялады. Жазбадан байқағанымыздай "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов президенттің ескертуінсіз, әдепті сақтап, Оңтүстік Корея президентінің қолын алып амандасқаны көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Бас прокурор: Балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз

Алматы облысының тұрғыны әкімнен таяқ жегенін жайып салды

Ділназ Ахмадиева жеке өмірін қазбалай беретіндерді орнына қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313290-esimov-nazarbaevtynh-eskertuinsiz-aq.html