RU

50 мың қытайлықтың мың бұрала билеген биі әлемді таң қалдырды

Қытайдың бірнеше қаласында 50 мың адам қатысқан синхронды би Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы UPI агенттігіне сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлады.

Бишілер Шанхайда, Сианда, Чжэнчжоуда, Чунцинде, Шэньчжэнде және тағы тоғыз қалада қатарға тұрды. Ұйымдастырушылардың командасымен олар музыкаға бірдей қимылмен билей бастады.

Барлық қатысушылар қызыл түсті жаттығу костюмдерін, жауын жауып тұрған қалаларда билейтіндер бірдей қорғау жалбағайларын киген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға Қытайдың 50 699 тұрғыны қатысуы тиіс болған, бірақ  614 адам қатыстырылмады. Дегенмен бұл жаппай және бір уақытта бірнеше қалада орындалған үздік бидің Гиннестің рекордтар кітабына енуіне кедергі бола алмады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Бас прокурор: Балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз

Алматы облысының тұрғыны әкімнен таяқ жегенін жайып салды

Ділназ Ахмадиева жеке өмірін қазбалай беретіндерді орнына қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313316-50-mynh-qytaylyqtynh-mynh-burala-bilegen-bi.html