RU

Астанада адам қанын соратын жәндіктер қаптап кетті (видео)

Оңтүстік Қазақстан, шығыс өңірі мен орталықта күрт көбейген қандала енді елорданың өзіне «шабуылға» көшіпті деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.

Астаналықтар адам қанымен қоректенетін қанатсыз жәндіктермен амалсыздан бір шаңырақта тұруға мәжбүр. Осыдан жарты жыл бұрын баса-көктеп кіріп алған. Кейін қатарларын көбейтіп, пәтердің бұрыш-бұрышына жайғасыпты. Қоныстасы келгелі жанұядан береке қашты. Қаптап кеткен қандала үлкен-кішіні жаппай шағып жатқан көрінеді.

Мүліктер мен жиһаздардың бұрыш-қуысын былай қойып, электр тоғының тесігіне, тіпті баланың бесігіне дейін кіріп кеткен.  Қиыны сол олардан бірден құтылу мүмкін емес. Қанша уш шашып, дәрілеп жатсаңызда оңайлықпен өле қоймайды.

"Істемеген нәрсеміз жоқ. Өзіміз дизенфекция жсадық. ОДЭС-пен жудық. Бірақ ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Соңғы екі аптада қабырғаларға дейін шығып кетті", - дейді Астана тұрғыны.

Қансорғыштың шаққанын көпшілік аллергиямен шатастырып, айлар бойы емделеді екен. Сондықтан мамандар денедегі бөртпелерді алдымен анықтап алу қажет деп отыр. Сосын қандаламен күресетін компаниялардан арнайы лицензиясын талап еткен жөн. Әйтпесе алаяқтар көбейген. Ал жалпы дизенфекцияға иек артқандар соңғы кездері күрт өскен. Бір компанияның өзі айына кем дегенде 120-150 шақырту алады екен.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313428-astanada-adam-qanyn-soratyn-zhandikte.html