RU

Түймебаев бір-бірімен шекіскен ауыл ақсақалдарын татуластырды (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аузы дуалы ақсақалдармен төс қағыстырды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Аймақ басшысы Мақтарал ауданына жасаған сапарында Ералиев ауылдық округі, Сейфуллин ауылында халықпен кездеспей кете алмағанын айтты.

«Облысқа әкім болып келген кезде басты мәселенің бірі осы ауылдағы оқиға болды. Аса бір үлкен ауыл емес. Оны мыңдай қазақ, үш мыңдай тәжік ұлты тұрады. Ал қалған халықтар көп емес. Бірақ осы бір кішкентай ауылдағы кикілжің бүкіл республикаға жайылып кетті. Аудан әкімінің маған берген мәліметінше, қазір ауылдағы жағдай бірқалыпты екен. Дегенмен өздеріңізбен кездесіп, мән-жайды білу үшін келіп қалдым», - деді Түймебаев мырза.

Аймақ басшысының сөзін тыңдаған тұрғындардың да айтары бар болып шықты.

«Ауылда келеңсіз жағдайдың болғаны рас. Ол кәмелеттік жасқа толмаған көршілес ауыл балалары арасындағы оқиға болды. Бұл бүкіл елге жайылып, қоғамдық резонанс алып келді. Әрине, оны санасыздау тірлік болғанын көпшілік қайдан білсін?! Бізде қазақ-тәжік мәселесі деген болған емес, болуы да мүмкін емес. Ағайын- жекжат боп кеткен адамдармыз ғой. Үнемі біргеміз, тойларға барамыз бірге. Елге дүрлігіп кеткені үшін кешірім сұраймыз... Әркім өзінің тұрған жерінің патриоты болу керек», - деп ағынан жарылды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов.

Бұл сөзді аудан әкімі Ғалымжан Исмаилов та құптай кетті. Тіпті Мақтарал басшысы ауылда түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен бауырдай араласып, құда-жекжат болып кеткенін де жайып салды.

Кездесуден соң облыс әкімі ауылдың қарт тұрғыны Ұлжан Самароваға сәлем беру үшін үйіне арнайы барды. 91 жастағы кейуана аймақ басшысынан бата берді.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313507-tuymebaev-bir-birimen-shekisken-auyl.html