RU

ШҚО тұрғыны ескі-құсқы көліктерден квадроцикл құрастырып алды (видео)

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өзіне квадроцикл құрастырып алды. Шемонайха ауданының Выдриха ауылында тұратын Борис Бабинский төрт доңғалақты шағын техниканы ескі көліктердің бөлшектерінен жасап алған деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.

Борис Бабинский квадроциклді ескі «Урал» мотоциклы және «Москвич» автокөлігінің ескі бөліктерінен құрастырып шыққан.

4 доңғалақты көлік сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Жанармайға үнемді. Квадроциклды құрастыруға да көп қаражат кетпеген. Бар болғаны 100 мың теңге шамасында.

Бориске біраз адам өзі жасап шыққан квадроциклын сатшы деп қолқа салыпты. Бірақ ол келіспеген. Алдағы уақытта шағын техникасын одан әрі жетілдіріп, оған кішкентай тіркеме жасап қоймақ.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев бір-бірімен шекіскен ауыл ақсақалдарын татуластырды (фото)

Азат Перуашев кейінгі ұрпақты ойламай, ұлттық қорға қол сұға беретіндерге шүйлікті

Есімов Назарбаевтың ескертуінсіз-ақ Оңтүсік Корея президентімен қол алысты (видео)

Головкин: Дайындығымды шыңдайтын уақыт келді

Иттен айнымайтын мысық желіде жұлдыз болды (фото)

Астанада адам қанын соратын жәндіктер қаптап кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313547-shqo-turghyny-eski-qusqy-kolikterden-kv.html