RU

Қанат Ислам жетімдер үйінен бала асырап алмақшы (фото)

Танымал қазақ боксшысы Қанат Ислам Атыраудағы балалар үйіне барып, ата-анасы жоқ балалармен кездесіп қайтты деп хабарлайды Атырау облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ.

Атыраудағы Қозыбаев атындағы балалар үйіне қонақ болған спортшы балаларға мереке сыйлады. Олар Қанаттан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.

Сонымен бірге, Қанат Ислам жетімдер үйіне үлкен теледидар сыйға тартты.

"Әр баланың отбасы болуы керек деп ойлаймын. Қазақстанда балалар үйінің саны азаюы керек", - деген боксшы өзі де жетімдер үйінен бала асырап алуға дайын екенін жасырмады.

Айта кету керек, спортшы Қазақстанның барлық қалаларындағы осындай мекемелерге баруды көздеп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313662-qanat-islam-zhetimder-uyinen-bala-asyr.html