RU

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Үндістандағы Джаландхар қаласында туылған Праншу есімді балақай бас пішіні ерекше болып дүниеге келгендіктен, оны жергілікті тұрғындар қайта тірілген Ганеша құдай деп санайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Науқас балақайдың маңдайы өзгеріске ұшырап, өзі жүруден қалған. Дегенмен ауыл тұрғындары бұл дертті ғажайып дүниеге балауда. Сенім бойынша піл басты Ганеша құдай байлық, сәттілік пен өрлеу әкеледі.

Мұғалімдерге дейін баланың алдында тізерлеп, бас иеді. Әр бейсенбі балақай ғибадатханада тұрғындарды қабылдап отырады. Праншудың әкесі Камлеш те ұлы құдай екеніне сенімді.

"Мен де оған бас иемін. Оның бүкіл денесі Ганеша құдайға ұқсайды. Ол бәріне өз батасын береді. Ал оған келген әр тұрғынның тілеуі орындалады. Ұлым күн сайын мектепке барғанында ондағылар баламды гүлмен қарсы алады", - дейді баланың әкесі.

Басы күн санап өсіп жатқан Праншуға бұл өмірі ұнайтын сыңайлы.

"Мен Ганешаға ұқсаймын. Ал адамдар, тіпті менің шын есімімді білмейді. Мұғалімдерім де маған мектепте бас иеді. Достарым менің құдай екеніме сенімді болғасын, мазақ еткен емес. Мені Ганеша Джи деп атағанын ұнатамын. Бұл мені бақытты етеді. Тек осындай болып қала бергім келеді. Басым мен келбетіме көңілім толады", - дейді Праншу.

Балақай кедей отбасында дүниеге келген. Оның төрт бауыры бар. Бірі дәл Праншудей дертке шалдыққан. Дегенмен ол өздігінен жүріп-тұра алады.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев бір-бірімен шекіскен ауыл ақсақалдарын татуластырды (фото)

Азат Перуашев кейінгі ұрпақты ойламай, ұлттық қорға қол сұға беретіндерге шүйлікті

Есімов Назарбаевтың ескертуінсіз-ақ Оңтүсік Корея президентімен қол алысты (видео)

Головкин: Дайындығымды шыңдайтын уақыт келді

Иттен айнымайтын мысық желіде жұлдыз болды (фото)

Астанада адам қанын соратын жәндіктер қаптап кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313733-undistanda-erekshe-balany-turghyndar-g.html