RU

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Танымал тележүргізушілер Май Бекбаева мен Салтанат Қалиева әлеуметтік желіде өзара қырқысып қалып, бірін бірі сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда 31-арнада "Ұят емес" деп аталатын авторлық бағдарлама ашылып, оны танымал тележүргізуші Салтанат Қалиева жүргізе бастады. Желі қолданушылары бұл бағдарлама туралы өз пікірлерін айтты. Осы тұста ол бұл бағдарламаны Майя Бекбаевамен салыстырғандарға жауап беріп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.Онда ол бұл жобаға қалай келгенін бұған дейін осы тектес бағдарламаны жүргізгенін айтты.

"Менің журналистік қызметім туралы айтсам. Мен мұндай жобаны бұрын да жасағам. Ол "Личная территория" деп аталатын және Ұлттық арнадан болатын. Бірақ, жолдасым 31-арнаға жұмысқа тұрған кезде, мен өз жұмысымды тастап, отбасым үшін Алматыға көшіп келдім. Ал бағдарламаны басшылыққа тікелей барып, майя бекбаеваға тапсырдым", - деген ол, тележүргізушінің аты-жөнін кіші әріппен жазып, оны қадірді білмеді деп айыптады.

"Ол кезде ол шикі болды. Оған жанымды салып көмек бердім. Оған үлкен сенім білдіріп, білгенімді үйреттім. Бірақ, ол қадірімді білмеді. Сондықтан өтінемін, бізді салыстыра бермеңдерші", - деп жазды ол.

Оның бұл жазбасы туралы естіген тележүргізуші Майя Бекбаева да қарап қалмады. Ол да, өз кезегінде, желі парақшасына жазба жазып, Салтанаттың сөзіне ренжіп қалғанын жасырмады.

"Қалиева өз желідегі парақшасына менің ұстазым екенін және қызметімді жасап берген адам ретінде айтыпты. Сонымен бірге, мен оның қадірін білмеді деп жазыпты. Әрине, "рахмет" айтып, қадірді білу де маңызды", - деген ол өзінің өмір жолында кездескен барлық жақсы жандар мен ұстаздарына өз алғысын білдірді.

"Салтанат мені ұмытпапты, сонысына рахмет. Бірақ аты-жөнімді кішкене әріппен жазып, мені төмендетем деп ойлайды ма екен?!", - деп жазып, Майя Салтанаттың журналисткиадағы жетістіктері оның жары, 31-арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовтың арқасы деген ойын аңғартты.

"Ал "Личная территория" бағдарламасын, сенен кейін мен емес, М.Алмолдина жүргізгенін есіңе салайын. Уақыты өтіп, жас келсе де, менімен қайта-қайта жауласқың келіп тұрады. Сәттілік саған", - деді Майя.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313802-tanymal-telezhurgizushiler-aleumettik.html