Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз алып қашуға қатысты ислам діні не дейді?

Опубликовано:

Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Бұл сұраққа жауапты zharar.com сайты назарларыңызға ұсынады.

Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл - адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында Мина жазығында тұрып, құрбандық күні: «Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті (Мекке) қаласы, осы қасиетті (қажылық) айы, осы қасиетті (құрбан айт) күніндей қастерлі (қол сұғуға тыйым етіледі)», – деп адам ар-намысының қаншалықты қастерлі екендігін ескерткен.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ата Заңы бойынша да мұндай әрекет қылмыс саналады. Адам ұрлау және бас бостандығынан айыру заңмен жазаланады.

Халқымызда «Қыз мұраты – кету» дегендей, теңін тапқан қыздың жолын байламау дәстүрі тағы бар. Бұл – шариғатқа негізделген дәстүр. Шариғатта «Ең жақын уәли ұзақ сапарда болса, қыздың теңін күттірмеу үшін кейінгі уәли тұрмысқа береді» деп айтылған. Мәселен, қыздың жақын туыстары қайтыс болса, қызды айттырып келу ерсі саналады.

Қазалы үйде біраз уақытқа дейін құда күту сияқты қуанышты шаралар жасалмайды. Бірақ, қыздың бағын байламау үшін ана-атасы өз баталарын береді де «қыз қашып» кетеді. Алайда, бұл қызды зорлықпен алып қашу емес. Қызды тұрмысқа ешкім мәжбүрлеп бере алмайды.

Неке мәселесінде қыздың өзі шешім қабылдайды Тіпті, әкесі де еріксіз тұрмысқа бере алмайды. Ибн Аббас (р.а.): «Бір қыз Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп әкесі еркінен тыс тұрмысқа беріп жатқанын айтып шағымданады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қызға өзіне таңдау жасауға рұқсат етеді», - деп риуаят етеді.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1313803-qyz-alyp-qashugha-qatysty-islam-dini-ne-d/

pixel