RU

Бердібек Сапарбаев Байғаниндегі ми батпақ базардың ішін аралады

Ақтөбе облысы Байғанин ауданына сапары кезінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев ми батпақ базардың ішін аралады деп хабарлайды «Тілші».

Езіліп жатқан «Ай Жібек» базарының халін көрген ол сауда орнындағы жағдайға көңілі толмайтынын білдірді. Дегенмен, аудан орталығы саналатын Қарауылкелді ауылының тұрғындары бұдан да нашар жағдай болғанын айтып, қазіргі күнге шүкіршілік ететіндіктерін жасырмады.

Ауыл тұрғындары базарға жаңа басшы келгелі біраз шаруа тындырылғанын айтты.

Байғанин ауданына сапары барысында облыс басшысы азық-түлік бағасының қымбатырақ екенін көрді. Оны жергілікті билік ауыл тұрғындарының азық-түлікті қарызға алып, әрі ақшаны кеш қайтаратындығымен түсіндірді.

Ауыл арасындағы жолдардың жайы да назардан тыс қалмады. Шалғай ауылдарды аралаған Сапарбаев ондағы жолдар түгілі аудандар арасындағы жолдардың нашар екенін айтты. Сонымен бірге, байғаниндіктер ауыз су, жұмыссыздық, дәріхана тапшылығы мәселелерін қозғады.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313806-saparbaev-bayghanindegi-mi-batpaq-baz.html