RU

Ақтөбеде әлеуметтік желіде террор туралы ән салған жігіт құрықталды

Ақтөбеде қаланың 18 жастағы тұрғыны Мәулід Еменов әлеуметтік желіде аудиожазба жариялаған соң терроризмді насихаттады деген айып бойынша сотқа тартылды деп хабарлайды azattyq.org.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досованың Азаттыққа айтуынша, Мәулід Еменовке қатысты сот 9 қарашада басталған.

Күдіктінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында сегіз аудио жазба жарияланған соң оған "телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып терроризмді насихаттады" деген айып тағылған.

Құқық қорғау органдары ол аудиоларды экстремистік мазмұнда деп тапқан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аудио таспалар мұсылманша әндер туралы болған.

Сот ақпаратына қарағанда, іс материалдары Ақтөбе қалалық №2 сотына 28 қазанда түскен. Күдіктінің қашан және қайда ұсталғаны әзірге белгісіз. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген. Істі судья Нұрлан Бисени қарап жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Обама жақын күндері өзінің орынтағына жайғасатын Трамппен кездесті (видео)

Алматы облысының тұрғыны ауыл әкімінен таяқ жегенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313839-aqtobede-aleumettik-zhelige-audiozhaz.html