RU

Василий Жиров: Неміс бапкерлер боксшымызды өлтіріп алма деп ақша берген

Боксшы Василий Жиров суық спортзалда өткізген жаттығулары, дәнекерлеуші болып жұмыс істегені жайлы әңгімелеп берді деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Бокстан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы әрі алғашқы кәсіпқой боксшы Василий Жиров спортта өткен жастық шағы мен 1990 жылдардағы Балқаштан 2016 жылы Америкаға әкелген оқиғалар жайлы әңгімелеп берді.

- Совет одағы ыдыраған сәт есіңізде ме, сіз мұны қалай қабылдадыңыз?

- Ол кезде мен СССР құрамасында болатынмын, сондықтан мен үшін бұл есеңгіреткен жағдай болды. Еуропа чемпионы атанып, турнирден елге қайтып келе жатқан едім. Жолда бізге «енді Совет одағы жоқ, бәрің өз республикаларыңа тарайсыңдар» деп хабарлады. Мәскеуге келген бетте «осында қал» деген ұсыныстар түсе бастады. Сәл ойландым да, «жоқ, жігіттер, рахмет, маған керегі бұл емес» деп елге, Қазақстанға қайттым. Ол кезде жасым 18-де болатын.

- Сіз ол кезде Балқашта тұрдыңыз. Ол жылдары жаттығу қиын болды ма? Қиын-қыстау заман келгені сезілді бе?

- Иә, ауыр болды, ақшадан тарықтық, ал мен жаттығып жүрген зал қыста мұз болып қатып қалатын, өйткені демеушіміз болмады. Бапкерім Александр Иванович Апачинский қатып қалған құбырлардың мұзын қыздыратын шаммен ерітіп жүретін. Бұл өміріміздегі қиын сәттер болды. Александр Иванович бізді жарысқа апаруға, жолға, жаттығуларға үнемі ақша іздейтін де жүретін.

- Күнкөріс ақшаны бокстан бөлек тағы немен таптыңыз?

- Ол кезде оқып жүрдім, дәнекерлеуші болдым, металлургиялық зауытта қосымша жұмыс істедім, түрлі тапсырыстарды орындайтынбыз. Табысым анама да қарайласып, өзіме де жететіндей жақсы болатын.

- Кәсіпқой боксқа қалай бардыңыз?

- Олимпиада кезінде промоутерлер жолығып, ұсыныстар жасаған болатын. Александр Ивановичпен сөйлесіп едім, ол кісі: «Кәсіпқой бокстың Меккесі қайда білесің бе? Америкада. Америкаға кетесің» деді.

- Кәсіпқой бокста келісіп алу сияқты жағдайлар болды ма? Мысалы, сізге жолығып «бесінші раундта құласаң, осынша ақша береміз» деп мәміле жасауға тырысқандар болды ма?

- Кәсіпқой бокста, құдайға шүкір, ондай ештеңе болған жоқ. Бірақ әуесқой бокста немістер жолығып, «боксшымызды өлтіріп қойма» деп ақша берген.

- Әлгі ақшаны алдыңыз ба?

- Әрине, алдым. Менімен жекпе-жекке шығуы тиіс неміс боксшысының менің деңгейім одан көп жоғары екенін білетін бапкерлері келіп, «өтінеміз, өлтіріп қоймашы, саған жеңсең болды емес пе, жеңетініңді онсыз да білеміз» деп өтінді. Сондықтан онша соққы берген жоқпын. Қанша ақша бергені, шынымды айтсам, қазір есімде жоқ. Еуропа мен әлемде ол кезде менен көбі қорқатын, адамды аты-жөнін ұмытатындай етіп ұрып тастайтынымды білетін.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Көріпкел Ванганың сәуегейлігі: Обама - АҚШ-тың тарихындағы соңғы президент

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1313909-vasiliy-zhirov-nemis-bapkerler-boksshy.html