RU

Ақорда маңындағы оғаш жазу Қазнетте қызу пікірталас тудырды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан президентінің резиденциясы Ақорда маңына қойылған ерекше жазу Қазнетте қызу пікірталас тудырды деп хабарлайды Sputnik -Қазақстан.

"Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" деген жазу Ақордаға қаратылып жазлыған, ал оны бері жағынан көретіндер жазуды терісінен оқиды.

"Ақорда маңындағы жазу туралы айтар болсам. Менің білуімше, жұмыс әлі аяқталған жоқ. Бүкіл конструкцияны орналастырғанша, жұрттың көзінен таса болуы үшін осылай қойған ғой", — деп жазды Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазу туралы пікірін әзіл-қалжыңмен айтуда.

"Шыдай алмай, әріптерді жасаумен айналысатын компанияға хабарластым. Олар жұмыстың әлі аяқталмағанын айтты. Яғни, жазуды Ақорда жағынан ғана емес, бер жағынан да оқи алатын боламыз. Әріптер қазір дайындалып жатыр. Бәрі де жаман бола бермейді ғой", - деп жазған Facebook қолданушысы Назымгүл Күмісбаева мәселенің басын ашты.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Көріпкел Ванганың сәуегейлігі: Обама - АҚШ-тың тарихындағы соңғы президент

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314061-aqorda-manhyndaghy-oghash-zhazu-qaznette-p.html