RU

Алматыда 2-сынып оқушысы ішкіш анасы мен оның бөтелкелестерінің қасында өмір сүруге мәжбүр (фото)

Алматыдағы Түрксіб ауданының полициясы 8 жастағы Русланның өміріне алаңдаулы. Ішкіш анасының және оның бөтелкелестерінің кесірінен балақай қауіпті жағдайда өмір суруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Русланның анасы ішімдікке тәуелді және оған бөтелкелестері жиі қонаққа келіп тұрады.

"Көршілері 45 жастағы әйелдің ішімдік ішуге бейтаныс азаматтарды жиі шақырып тұратынын айтуда. Отбасына барып-қайтқанымызда бұған көз жеткіздік. Үйінде мас бейтаныс ер адам болды. Қонақтың кім екенін үй иесі түсіндіре алмады", - дейді ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Тәртіп сақшылары баланың өміріне алаңдаулы. Олар мас анасы немесе кезекті бөтелкелесі Русланға зиянын тигізеді деп қорқады. Ендігі полицейлер балақайға жиі келіп, жағдайын тексеріп тұрады.

Егер жағдай түзелмесе, анасын күштеп ішімдікке тәуелділіктен емдемек.

Әліпбаева баланы анасынан ешкім тартып алуға ниетті еместігін алға тартты. Олар баланың анасы түзелуі үшін барын салатындарын айтуда.

Үйдегі жайтқа қарамастан, Руслан екінші сыныпта сабағын жақсы оқуда.

 

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Көріпкел Ванганың сәуегейлігі: Обама - АҚШ-тың тарихындағы соңғы президент

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314154-almatyda-2-synyp-oqushysy-ishkish-anasy.html