Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есікте қыз зорлады деп айыпталған жігіттер жыныстық қатынас келісіммен болғанын айтуда

Опубликовано:

Есік қаласында топтасып қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған 4  жігіт өз кінәларын әлі де мойындамай отыр деп хабарлайды КТК арнасы

Себебі, олар жәбірленуші Жібек Мусинованың келісімімен жыныстық қатынасқа түстік дейді. Сондықтан бұл әрекеттерін қылмыс деп санамайды екен. Соған қарамастан олар енді 11 жылға сотталуы мүмкін. Себебі, сотта прокурорлар төртеуіне де осындай ауыр жаза кесуді сұрады.

Алматы облысының Есік қаласындағы атышулы қыз зорлау оқиғасына қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Сондықтан болар, осы күнге дейін көптің көзінен тасада жүрген күдіктілердің туыстары да тыпырши бастады. Себебі, ұлдарының ұзақ мерзімге сотталып кетуінен қауіптенген ата-аналар тергеу қорытындысына көңіліміз толмайды дейді.

Өйткені жәбірленуші Жібек Мусинованы төрт жігіттің топтасып зорлағаны қисынға келмейді деп отыр. Яғни ұсталғандардың бірі қыздың келісімімен жыныстық қатынасқа түскен екен. Сондықтан істің қайта тергелуін талап етуде.

"Бір адамның өтірік айтқаны үшін соттай ма? Мен қазір барып мені  зорлады деп  кез-келген адамды көрсетем соны соттай ма?", дейді Толқын Шорманова.

Жібек Мусинованың зорланғанын жұртқа жайған оның анасы болатын. Гүлбадар Мусинова отыз жастағы қызының аяусыз зорланғанын айтып әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялаған. Осыдан кейін іс қоғамдық дау тудырып, артынша төрт жігіт қамауға алынды. Содан бері үш ай өтсе де, айыпталушылардың туыстары тыныштық берер емес дейді жәбірленуші.

"Мен қазір қатты қорқамын. Себебі зорлықшыларды қолдап жүрген жігіттер маған қоқан-лоққы көрсетуде. Егер төртеуі сотталып кетсе көресені көрсетеміз деді. Сондықтан өзім ғана емес отбасым үшін де алаңдаймын", - дейді Жібек Мусинова.

Осындай қорқытып-үркітулерден кейін жәбірленушілер сотқа жалғыз келуден қорқып қалыпты. Сондықтан Жібек Мусинованың жақтастары процесске плакат ұстап келген. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ деп ұрандатқан жастар Жібектің басындағы жағдайдың қайталанбауын талап етуде.

Ал айыпталушы төрт азаматтың тағдыры келесі аптада шешіледі. Прокурор олардың әрқайсысын 11 жылға соттауды сұрады. Енді судьяның қандай үкім шығаратыны 15-ші қарашада белгілі болмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев тәулігіне небәрі 3-4 сағат ұйықтап жүргенін айтты

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Алматылық жігіттер үйленетін қыз жоқтығын айтып шағымданды (фото)

Көріпкел Ванганың сәуегейлігі: Обама - АҚШ-тың тарихындағы соңғы президент

Танымал тележүргізушілер бірін-бірі сөгіп, ел алдында қырқысып қалды (фото)

Үндістандағы ерекше жаратылған балаға тұрғындар бас иіп, құлшылық етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1314248-esikte-qyz-zorlady-dep-ayyptalghan-zhig/

pixel