RU

Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады

Шымкентте қазақ дастарханын дәріптейтін «Ет асу» фестивалі өтті. Көпшілік қауымға қазақ дастарханы кеңінен жайылды деп хабарлайды Отырар.

Онда өңірдегі түрлі этнос өкілдері Қазақтың ұлттық тағамын дайындап, өзара сынға түсті. Дәмі тіл үйіріп, қарын тойдырған аста-төк жиын болды.

Ұйғыр этно-мәдени орталығының дастарханы бұл күні молынан жайылыпты. Алайда қазылардың назары бірден асылған етке түсті. Жал-жая мен қазы-қарта, сонымен қатар жілікті орнымен қойып, табақ тартудың жөнін аспаздар жақсы біледі. Сондықтан қазақша ет асудың дәстүрін айна-қатесіз өзгертпей орындадық дейді.

Қазақ халқы қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту дәстүріне ерекше мән береді. Оны мінсіз дайындау — кез келген ас үй иесі үшін сын. Бұл күні де 20-дан аса қатысушы үшін солай болды. Сондықтан фестивальде дастарханның сәні болған ет тағамы арқылы түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайту көзделген.

Бірнеше сағатқа созылған байқаудың нәтижесі де белгілі болды. Ет асудың үздік үлгісін көрсеткен иран этно-мәдени орталығының өкілдері фестивальдің бас жүлдесін иеленіп, 200 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.

Ал бірінші орынға ұйғыр аспаздары дайындаған ет тағамы лайық деп танылды. Айта кету керек, бұл күні ешкім назардан тыс қалған жоқ. Қалған қатысушыларға да ақшалай сыйлық үлестірілді.

Тағы оқыңыздар:

Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттан тағы бір кенші көз жұмды

Нәрестені аяусыз ұрған келіншекке қатысты жаңа дерек шықты

Есікте қыз зорлады деп айыпталған жігіттер жыныстық қатынас келісіммен болғанын айтуда

Білім министрлігінің шенеунігін Иранға барғаны үшін жұмыстан шығармақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314365-shymkenttegi-qazaqtargha-et-asudy-iran.html